Site icon KAZAKBOL

Ресей Қырғызстанның сүт және балық өнімдеріне шектеуді алып тастады

Ресейдің ауыл шаруашылығы өнімдерін бақылау мекемесі (Россельхознадзор) Қырғызстанның сүт және балық өнімдеріне шектеуді алып тастады.

Қырғызстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, ресейлік тарап «Зертханалық бақылауды күшейтуге» жатқызған өнімдерге шектеуді алып тастауды шешкен. Атап айтқанда, «Нурагрорыбпром» және «Дары природы» компаниясының балық өнімдері мен «Ак-Булак Плюс», «Ак-Жалга», «Жайыл Милк» және «Ала-Тоо Сут» компаниясының сүт өнімдері Ресейге қайта экспортталатын болады. Бұдан бөлек «А2» жаңа кәсіпорнына да тауарларын Ресейге жөнелтуге рұқсат берілген.

Биыл сәуір айының соңында Россельхознадзор Қырғызстанның сүт өнімдерін импорттауға шектеу қойған. Ақпан айында балық өнімдерін қабылдаудан бас тартқан.

Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одаққа 2015 жылы қосылған. Бастапқыда ЕАЭО-ға мүше елдердің тауар өнімдері еркін тасымалданатыны айтылған. Алайда сарапшылар бұл мақсаттың әлі күнге дейін жүзеге аспай отырғанын айтады. ЕАЭО-ға Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Армения елдері мүше.

Источник

Exit mobile version