Site icon KAZAKBOL

Ресей армиясында қызмет етіп жүрген тәжікстандық Украинадағы соғыста қайтыс болды(видео)

24 жастағы Абубакр Нозимов Украинаның Харьков қаласында 12 сәуірде қайтыс болған.

Озоди радиосына жіберілген видеоға қарағанда, жерлеу рәсіміне ресейлік офицерлер қатысқан. Нозимовтың туыстары Абубакрмен бірге бірнеше сарбаздың қайтыс болғанын айтады. Олар Харьковқа басып кірер кезде көз жұмған.

Абубакр Нозимов Тәжікстанда туып-өскен. Кейін Ресей азаматтығын алып, 2018 жылы Новосибирскіде армияда қызмет еткен.

2020 жылы Абубакр Тәжікстанның Ляур полигонында орыс сарбаздарымен бірге бес ай бойы әскери жаттығуға қатысқан. Ол үйінің жалғыз ұлы болған екен. Биыл үйленбекші болған.

Оның әке-шешесі қазір Ресейде тұрады. Барнаул моласына жерлеуге рұқсат берген. Бұл молада тағы бір тәжікстандық Махмадали Абдуллоев жерленген.

Украина басылымы таяуда елінде соғысып жатқан Ресей әскерилерінің тізімін жариялаған. Олардың ішінде Орталық Азиядан алты мың адам бар. Оның жүзі — тәжікстандық.

Источник

Exit mobile version