Site icon KAZAKBOL

Ресей Ауғанстаннан 22 тәжік азаматын шығарып алды

Граждане, эвакуированные из Афганистана, после прилета самолетом Ил-76МД Минобороны РФ, Гиссар, 26 августа 2021 года

Ресейдің қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағымен Ауғанстаннан 22 тәжік азаматы эвакуацияланды. Бұл туралы «Азия-Плюс» агенттігі Тәжікстанның сыртқы істер министрлігіне (СІМ) сілтеме жасап хабарлады.

Мекеме мәліметіне қарағанда, Тәжікстанның Кабулдағы елшілігіне жәрдем сұрап 30 тәжік азаматы қайрылған. «Тәжікстанның 22 азаматы эвакуацияланды. Қалған азаматтар құжаттары дайын болғаннан кейін еліне жеткізіледі», — делінген хабарламада.

25 тамызда Ресейдің әскери авиациясы президент Владимир Путиннің тапсырмасымен Ауғанстаннан 500-ден астам адамды эвакуациялағанын хабарлаған. Олардың арасында Ұжымдық қауіпсіздік келісім ұйымына мүше елдердің және Украинаның азаматтары да болған.

Источник

Exit mobile version