Site icon KAZAKBOL

Ресей бұдан былай тәжік мигранттарына зейнетақы төлейді

Трудовые мигранты. Архивное фото

Тәжік парламенті сәрсенбі күні Ресей мен Тәжікстан арасында зейнетақымен қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісімді ратификациялады.

Тиісті келісімге екі ел былтыр қыркүйек айында қол қойған.

Тәжікстанның әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы агенттігінің төрағасы Дилмурод Давлатзоданың сөзінше, аталған құжатқа сәйкес, Ресейде ресми жұмыс істейтін тәжік мигранттарына зейнетақы төленетін болады. Кейін отанына оралған кезде де зейнетақымен қамтамасыз етіледі.

Ол үшін еңбек мигранттары міндеті түрде әлеуметтік салық төлеп тұруы керек.

Ресейдің ресми мәліметі бойынша, қазір елінде бір миллионнан астам тәжік мигранты бар. Олардың біразы сол елдің азаматтығын алған.

Ал Тәжікстанның көрсеткіші басқаша: шетелде 387 мың адам жұмыс істеп жатыр.

Тәжікстанда әрбір төртінші отбасы мигранттар жіберген ақшаның есебінен күн көреді.

Источник

Exit mobile version