Site icon KAZAKBOL

Ресей мен Франция қауіпсіздік бойынша бірлесіп жұмыс істейді (видео)

Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путин мен Франция лидері Эммануэль Макронның бес сағатқа созылған кездесуі аяқталды.

Бұл негізінен Украина және Мәскеудің НАТО-дан қауіпсіздікке кепілдік талап етуі төңірегінде өрбіген.

Владимир Путин кездесуді пайдалы деп атап өтіп, Эммануэль Макронның бірлесіп қадам жасау жөніндегі бірқатар идеялары қауіпсіздікке кепілдік беруі мүмкін екенін жеткізген. Екі елдің лидерлері Макрон Киевке барғаннан кейін тағы да телефон соғып, сөйлесуге келіскен. Макрон Украинаға сейсенбі күні ұшып кетті.

Путин Украинаның НАТО-ға кіруі болашақта Еуропаға соғыс отын тұтандыруы мүмкін екенін бірнеше рет қайталаған. Ресей президентінің сөзінше, Солтүстік атлантикалық одақ Ресей үшін басты қарсыласы саналады. Ал Украинаның НАТО-ға кіруі Қырымды қайтарып алуға тырысады, егер Украина Ресеймен соғыса қалған жағдайда, НАТО Украинаға қолдау көрсетуге мәжбүр дейді.

Владимир Путин сөзінің соңында Мәскеу ортақ шешімге келу үшін барлық мүмкіндікті іздейді деп атап өткен.

Франция президенті өз кезегінде Путиннің кейбір мәселеге көзқарастары Еуропалық одақтың ұстанымынан басқаша деді. Макрон НАТО-ның саясатын ашық деп есептеп, Еуропаның жаңа қауіпсіздік архитектурасын құруда өзге елдердің бұл ұйымға мүше болғысы келетін тілегіне көз жұмып қарауға болмайтынын жеткізген.

Ол сонымен бірге Путинмен болған келіссөздер қандай-да бір мәселенің шешілгенін білдірмейді деп, бірақ қандай болмасын диалогтың басталғанына қуанатынын жеткізді.

Макрон Ресей де, Батыс та қандай да бір соғыс әрекетін бастамауы туралы сөз болғанын, жаңа стратегиялық диалог бастау жөнінде әңгіме көтерілгенін айтты.

Макрон соңғы бір аптада Путинмен телефон арқылы үш рет сөйлесті.

Таяуда АҚШ-қа ресми сапармен Германия канцлері Олаф Шольц барды. Одан кейін Германия лидері Киевке, сосын Мәскеуге барады деп күтіледі.

Франция мен Германия Ресей және Украинамен Донбасстағы жанжалды шешу жөніндегі «норманд форматының» қатысушылары.

Источник

Exit mobile version