Site icon KAZAKBOL

Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин көктемде Тәжікстанға бармақ

Ресей үкімет басшысы Михаил Мишустин Тәжікстанға ресми сапармен бармақ. Бұл жөнінде Тәжікстанның Ресейдегі елшілігі хабарлады.

Сапар барысын екі тарап 24 қаңтарда алдын ала пысықтаған. Оған сәйкес Ресей премьер-министрінің Тәжікстанға сапары наурыз айының басында болады.

Әзірге сапар мақсаты жайлы белгісіз.

Ресей Тәжікстанның негізгі стратегиялық әріптесі. Жыл сайын жүздеген тәжік мигранты Ресейге жұмыс істеуге барады.

Источник

Exit mobile version