Site icon KAZAKBOL

Ресей «Спутник V» вакцинасын Қырғызстанда өндіруді қарастырып жатыр

Ресей коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасын Қырғызстанда өндіру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин 24 мамырда Қырғызстан президенті Садыр Жапаровпен кездесу кезінде мәлімдеді.

Путин сөзінде коронавирусқа қарсы күресуде Қырғызстанға көмектесетінін атап өткен.

«Ресей Қырғызстанға тест-системаларды, антивирустық дәрілерді және вакциналарды жеткізуде жәрдем беріп келген және бұдан әрі де көмектесе береді. Қазір біздің мамандар «Спутник V» вакцинасын Қырғызстанда өндіру мәселесін іздеп жатыр», — деді Путин.

22 сәуірде Бішкекке Ресейдің «Спутник V» вакцинасының 20 мың данасын жеткізген. Олардың 15 мыңы 10 доллардан сатылып алынса, 5 мыңы гуманитарлық көмек ретінде жіберілген. Бұдан бөлек тағы 100 мың данасы келеді деп күтіледі.

Источник

Exit mobile version