Site icon KAZAKBOL

Ресей түрмесінде отырған тағы бір тәжікстандық Украинада қаза тапты

Ресей билігі Украинада қаза тапқан тағы бір тәжікстандықтың денесін туыстарына берді. Жақындарының айтуынша, 34 жастағы Ахмадали Нуровты былтыр күзде соғысқа аттандырған.

Ахмадали екі жыл бұрын заңсыз есірткі саудасы айыбымен алты жылға сотталған.

Бір апта бұрын Нуровтың туыстары жарты жылдан бері одан хабар-ошар жоқ екенін мәлімдеген.

«Не тірі, не өлі екенін білмейміз. Бір ай бұрын бір адам телефон соғып, Ахмадалидің қаза тапқанын, бірақ денесі табылмай жатқанын хабарлаған», — дейді жақындарының бірі.

Ахмадали Нуровтың денесі 5 наурызда туыстарына берілген.

Озоди мәліметінше, былтыр Ресей түрмелерінде жазасын өтеп жатқан тәжікстандықтарды “Вангер” жеке әскери компаниясы Украинадағы соғысқа азғырған.

Источник

Exit mobile version