Site icon KAZAKBOL

Ресей зейнетақымен қамтамасыз ету бойынша Тәжікстанмен келісімді бекітті

Ресей Мемлекеттік думасы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Тәжікстанмен келісімді ратификациялады.

Ресей президенті Владимир Путин бұл құжатқа қол қойғаннан кейін, зейнетақы қорына ақша аударып жүрген тәжік мигранттарына зейнетақы төлене бастайды.

Тараптар былтыр қыркүйекте қол қойған құжатты Тәжікстан парламенті биыл сәуір айында бекіткен.

«Екі тарап үшін тең міндетті талап – бұл азаматтардың әлеуметтік салықтарды төлеуі. Зейнетақының көлемі азаматтың еңбекақысына, әлеуметтік төлемдеріне және жұмыс тәжірибесінің ұзақтығына байланысты болады», — деген Тәжікстанның Әлеуметтік қамсыздандыру және зейнетақы ісі бойынша агенттік төрағасы Дилмурод Давлатзода.

Ресми мәліметке қарағанда, қазір Ресейде жүрген тәжік мигранттарының саны 1 миллионнан асады. Олардың бірқатары орыс азаматтығын алған.

Источник

Exit mobile version