Site icon KAZAKBOL

Ресейде 1 қазаннан бастап балконда темекі шегуге тыйым салынады

Ресейде 1 қазаннан бастап балконда темекі шегуге, шашлык пісіруге тыйым салды. Өрт қауіпсіздігі ережелеріне осындай өзгеріс енгізілді.

Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі пәтер лоджиясы мен балконында, жатақхананың тұрғын бөлмелерінде және қонақ үй нөмірлерінде от қолдануға тыйым салынғанын хабарлады. 1 қазаннан бастап «азаматтарға балконда шашлык пісіруге, шам жағуға және темекі шегуге болмайды».

Ережені бұзғандарға үш мың рубль айыппұл салынуы мүмкін. Өрт шыққан жағдайда, бес мың рубль айыппұл салынады.

Министрлік мәліметі бойынша, елде тіркелген өрттің алпыс пайызы балконда темекі шеккен уақытта тұтанған.

centralasian.org

Exit mobile version