Site icon KAZAKBOL

Ресейде басынан жарақат алған тәжік мигрантына 1,3 млн рубль өтемақы төленеді (видео)

Сулаймон Саидов

Мәскеудің Черемушкин аудандық соты Тәжікстан азаматы Сулаймон Саидовқа 1,3 млн рубль өтемақы төлеу жөнінде шешім шығарды. 2016 жылдың 8 сәуірінде Мәскеудің «Калужская» метросында 61 жастағы мәскеулік Сергей Царев Саидовты травматикалық тапаншамен атқан.

Царев шабуыл жасаған кезде мас болып, Саидовтан немере інісімен бірге метродан түсіп қалуын талап етіп, балағаттаған.

Саидов медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, басына зақым келіп, көптеген дене жарақатын алған. Оң көзі қатты зақымданып, жасанды көз салуына тура келген.

Царев оқиға болған жерден ізін жасырып, бірақ кейін ұсталды. 2018 жылдың тамыз айында ол он жылға сотталды.

Саидов Царевқа қарсы азаматтық іс бойынша шағымданып, емделуге кеткен 300 мың рубль шығынды өтеуін және 18 миллион моральдық өтемақы төлеуін талап етті. Бірақ сот 589 рубль материалдық шығын мен 750 мың рубль моральдық өтемақы төлеу жөнінде шешім шығарды.

Саидов қазір Тәжікстанда тұрады. Ол үкіметтен айына 113 сомони (11,6 доллар) жәрдемақы алады.

centralasian.org

Exit mobile version