Site icon KAZAKBOL

Ресейде мемлекеттік БАҚ-қа «Талибанды» тыйым салынған ұйым деп атауға тыйым салды

Генеральный директор информационного агентства "Россия сегодня" Дмитрий Киселёв

Халықаралық «Россия сегодня» ақпарат агенттігінің басшылығы қызметкерлеріне «Талибанды» Ресейде тыйым салынған ұйым деп атауға тыйым салды. Агенттіктің бас директоры — «Россия 1» телеарнасының жүргізуші Дмитрий Киселёв.

Журналистер енді «Талибанды» «террористік қызметі үшін БҰҰ санкциясы ілінген ұйым» деп сипаттауы тиіс.

БАҚ мәліметтерінше, «Россия сегодня» холдингіне кіретін РИА Новости сайты, сонымен бірге Russia Today телеарнасы да осы сипаттаманы қолдана бастаған.

«Талибан» Ресейде террористік деп жарияланған ұйымдар тізімінде бар.

15 тамызда «Талибан» радикал қозғалысы Кабулға ұрыссыз кіріп, елдегі билік тәліптердің қолына өтті.

Батыс елдері радикал қозғалыстың билігін мойындамайды. Ресей билігі тәліптер үкіметін ресми түрде мойындама да, тәліптермен кездесулер өткізіп, оларды Мәскеуде қабылдап жүр.

Қазан айында Ресей президенті Владимир Путин «Талибанды» террористік ұйым тізімінен шығару бағытымен жүретінін, ол үшін мұндай қадамды әуелі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жасауы керек деп мәлімдеген.

Источник

Exit mobile version