Site icon KAZAKBOL

Ресейде «Нелегал-2023» операциясы аясында 7 мыңға жуық мигрант депортацияланды

Ресейде заңсыз жүрген мигранттарды анықтауға бағытталған «Нелегал-2023» операциясының бірінші кезеңі аяқталды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Ирина Волк хабарлады.

Оның сөзінше, «Нелегал-2023» аясында елде заңсыз жүрген 7 мыңға жуық мигрант ұсталып, отанына депортацияланған. Бұдан бөлек бірнеше мың адамға қарсы қылмыстық іс қозғалған.

«Қылмыстық істер негізінен есірткіні және психотроптық заттарды қолдану, мемлекеттік шекарадан заңсыз өтуге байланысты», — дейді Ирина Волк.

Орыс билігі операцияның бірінші кезеңі 19-25 маусым күндері өткенін мәлімдеді. Дегенмен мигранттар рейд қазіргі күнге дейін жүріп жатқанын айтады. Бұл жолы негізінен тәжік мигранттары қысымға қалып жатыр.

Бұл арада Ресей думасының депутаты Сергей Миронов миграциялық заңдарды күшейтуге шақырды.

Ол Орталық Азия елдерімен виза режимін енгізуді, мигранттар үшін орыс тілінен емтихан алуды ұсынды.

Источник

Exit mobile version