Site icon KAZAKBOL

Ресейде тәжік билігінің сұрауымен діни қызметкердің ұлы ұсталды

Қазан қалалық соты 1990 жылдарда танымал болған белгілі тәжік діни қызметкері Саид Киёмиддиндиннің 35 жастағы ұлы Баракатулло Гозиевті 40 тәулікке қамау туралы шешім шығарды.

Сот шешіміне сәйкес, Гозиев тәжік билігінің өтініші бойынша қамауға алынған. Гозиев елінде «Діни араздықты қоздыру» және «Мемлекетке сатқындық жасау» баптары бойынша айыпталып жатыр.

Гозиевтің туыстары бұл айыптауларды теріске шығарып, Ресейден ол Душанбеде азаптауға ұшырайды деп жібермеуін сұрайды.

Соңғы екі жылда Тәжікстанда Баракатулло Гозиевтің екі бауыры «Терроризм» және «Мемлекетке сатқындық жасады» деген баптар бойынша сотталып, бірі 11 жылға, екіншісі 13 жылға бас бостандығынан айырылған.

2017 жылы қараша айында Саид Киёмиддин Санкт-Петербургта ұсталып, Хожент қаласына жеткізілген. 2018 жылы мамыр айында 25 жылға сотталған. 2019 жылы мамырда ол Вахдат түрмесіндегі бүлік кезінде өлтірілген.

Саид Киёмиддин өткен ғасырдың 90-жылдары танымал діни қызметкер болған. Оның «халық генералы» деген биресми атағы болған.

Тәжікстанда азаматтық соғыс басталғаннан кейін ол Ауғанстанға өтіп, тәжік оппозициясымен жұмыс істеген. Соғыс аяқталғаннан кейін еліне оралып, Ұлттық бітім комиссиясына мүше болған.

Источник

Exit mobile version