Site icon KAZAKBOL

Ресейде тәжік мигранттарына жүріп-тұруын заңдастыруға уақыт берді

Мәскеу Ресей аймағында заңсыз жүрген тәжік азаматтарына 30 маусымға дейін еркін жүріп-тұру үшін құжаттарын заңдастырып алуға рұқсат берді.

Ресей мен Тәжікстанның сыртқы істер министрліктері, мемлекеттік миграция қызметтері және ішкі істер органдарының өкілдері 20 сәуірде Душанбеде кездесу өткізген. Онда Ресей аймағында заңсыз жүрген тәжік азаматтарына байланысты миграциялық ахуалды реттеу мәселесі талқыланған.

Ресейдің ішкі істер министрінің орынбасары Александр Горовой 16 сәуірде ТМД-ның Парламентаралық ассамблея отырысында заңсыз жүрген шетелдік мигранттар бойынша ескерту жасаған.

Онда ол Ресей аймағында Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның миграциялық ережелерді сақтамай жүрген азаматтары 15 маусымға дейін өлкеден шығарылатынын айтқан.

Источник

Exit mobile version