Ресей думасындағы депутаттар Бас прокурор мен оның орынбасарларына БАҚ лицензиясынан айыру құзыретін беретін заң жобасын қарайды.
Құжатқа сәйкес, Ресейдің бас прокуроры немесе орынбасарлары «фейк» таратқан, немесе әскерді «қаралайтын», санкцияларға шақыратын, сонымен бірге «Ресей Конституциясы мен мемлекетін, қоғамына кір келтіретін» мәлімет жариялаған БАҚ-тардың лизенциясын сотсыз қайтарып ала алады.
Заң қабылданған жайдайда, оның баптары материалдарды басқа бір басылымнан көшіріп басқан БАҚ-тарға да тарайды.
Ресей Украина аумағына басып кірген соң Кремль ресейлік әскерге кір келтіретін материал таратқандарға әкімшілік және қылмыстық іс қозғайтын жаңа заң қабылдады. Осындай айып тағылғандар ірі көлемде айыппұл төлеуден бастап 15 жылға дейін сотталуы мүмкін. Ресейде осы заң бойынша ондаған іс қозғалған.