Site icon KAZAKBOL

Ресейдің құрылыс министрі: федерациядағы құрылыстарға тағы 1,2 млн жұмысшы жетіспейді

Ресей билігінің мәлімдеуінше, федерациядағы құрылыс алаңдарына тағы 1,2 млн жұмысшы жетіспейді. Коронавирус пандемиясына байланысты шекаралардың жабылуынан елде жұмыс күші азайған.

Ресейдің құрылыс министрі Ирек Файзуллиннің «Интерфакс» агенттігіне хабарлауынша, Ресейдегі кейбір аймақтар жұмыс күшінің жетіспеушілігін жергілікті азаматтардың есебімен толтыра алмай отыр.

«Құрылысшы жеткізу механизмі әлі қалыптасып бітпеді. Бізге құрылыс алаңдарына тағы 1,2 млн жұмысшы жеткізу керек. Өкінішке орай, оны отандық жұмысшылармен толтыра алмай отырмыз», — деді Файзуллин.

Бұған дейін хабарланғандай, елдегі құрылыс компаниялары мигранттарды жұмысқа алу туралы ұсыныстарын құрылыс министрлігіне жолдаған.

Тәжікстанның еңбек және миграция министрлігінің мәліметі бойынша, 2020 жылы Тәжікстаннан шамамен 130 мың адам шетелге жұмысқа кеткен. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 76 пайыз аз көрсеткіш.

Орталық Азия елдерінің еңбек мигранттары негізінен ресейде жұмыс істейді.

centralasian.org

Exit mobile version