Ресейдің қорғаныс министрлігі Украинадағы соғысқа мерзімді әскери қызметтің сарбаздары да қатысып жатқанын мойындады. Олардың бірқатары украин армиясына тұтұынға түсті, деп мәлімдеді министрлік.
Мерзімді әскери қызметтегі сарбаздардың соғысып жүргенін сәрсенбі күні Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Игорь Конашенков мәлімдеді. Бұның алдында ресейлік шенеуніктер, соның ішінде президент Владимир Путин де әскери қимылдарға кәсіби дайындықтан өткен, қорғаныс министрлігімен келісім-шартқа отырған сарбаздар ғана қатысып жүр деген.
Ресей армиясы жауынгерлерінің Украинаға тұтқынға түскенін алғаш рет ашық мойындады. Бұның алдында мұндай мәліметті жоққа шығарған немесе оған қатысты мәлімет бермей келген. Қанша адамның тұтқынға түскені де белгісіз. Билік оларды босатып алуға әрекеттеніп жатқанын айтты.
Украина жағы тұтқынға түскен ресейлік сарбаздарды видеоға түсіріп, оны көпшілікке таратты.
Ресей армиясы соғыста қанша шығынға ұшырағаны туралы мәліметті әлі күнге дейін айтпай отыр.
Украина армиясының мәлімдеуінше, Ресей жағы 12 мыңнан астам адамнан айрылды. Бірақ олардың қаншауы опат болып, қаншауы тұтғынға түскені белгісіз.