Site icon KAZAKBOL

Ресейдің Тәжікстандағы әскери базасы жаңа техника алады

Ресейдің Тәжікстандағы 201-әскери базасына биыл 70-тен астам жаңа әскери техника жеткізіледі.

Бұл туралы осы аптада Орталық Әскери округ қолбасшысы Александр Лапин хабарлады. Оның айтуынша, Ресейдің Қырғызстандағы әскери базасына да дәл осындай әскери көмек беріледі.

Орталық Азиядағы көршілес екі елге әскери техника жеткізудің басқа да жайттары белгісіз. 2021 жылғы тамызда Ауғанстанда тәліптер билікке келген соң Ресейдің Тәжікстандағы әскеріне жаңа қару-жарақ жеткізілді.

Ресей мен оның Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымындағы одақтастары Тәжікстанда бірнеше мәрте әскери оқу-жаттығу өткізді. Ресейдің 201-әскери базасы Душанбе мен Бохтар қалаларында орналасқан. Базада 7 мың сарбаз бар.

Источник

Exit mobile version