Site icon KAZAKBOL

Ресейдің Тәжікстандағы әскери базасына 30 заманауи танк жеткізілді

Ресейдің Тәжікстандағы 201 әскери базасына Т-72Б3М үлгісіндегі 30 танк жеткізілді. Бұл туралы ТАСС агенттігі Ресейдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Ресейдің қорғаныс министрлігінің мәліметіне қарағанда, модернизацияланған Т-72Б3М танктері жаңа қозғалтқыштар, пассивті және активті қорғаныс комплекстері, сонымен бірге «Акведук» байланыс жүйесі мен көп каналды «Сосна-У» нысанасымен жабдықталған.

Биыл тамызда Ауғанстандағы жағдайға байланысты Тәжікстандағы Ресейдің әскери базасына зымыранға қарсы «Корнет» деп аталған жаңа кешендер жеткізілген.

Осыған дейін Ресейдің Орталық әскери округы Тәжікстандағы базаға «Верба» көшпелі зениттік-зымыран кешендер, «Калашников» АК-12 автоматтары мен заманауи снайперлік мылтықтар жіберілгенін хабарлаған.

Тәжікстан аймағында Ресейдің сырттағы ең ірі әскери базасы орналасқан. Онда 7,5 мыңға жуық әскери қызметкер бар. Бұл екі елдің келісімі бойынша 2042 жылға дейін жұмыс істейді.

Источник

Exit mobile version