Site icon KAZAKBOL

Ресей алғаш рет «Искандер-М» кешенін Қырғызстанға оқуға алып келді

Ресей әскері алғаш рет «Искандер-М» жедел тактика кешенін Оралдан Қырғызстанға — ТМД елдерінің «Ыстықкөл — Антитеррор – 2018» әскери оқуларына алып келді. Бұл туралы сәрсенбі күні РФ Орталық әскери округының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды ТАСС.

«Орал зымыраншылары оқуларда таулы аймақтағы «Эдельвейс» полигонында «терроршылар» лагеріне соққы жасайды», — деп түсіндірді баспасөз қызметі.

ТАСС мәліметі бойынша, 24-26 қыркүйек аралығында өтетін халықаралық оқуларға Ресейдің шамамен мыңға жуық жауынгері қатысады. Бұған дейін Қырғызстанға Тывадағы таудағы мотоатқыш батальондық тобы орналастырылған. Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті бұл ақпаратқа қатысты пікір білдіруден бас тартты.

«Искандер-М» көлемі шағын және алаңда орналасқан нысандарды: зымыран кешендерін, аэродромдардағы ұшақтар мен тікұшақтарды, командалық пунктерді, байланыс желілерін жоюға арналған.

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, оқуларға алты Су-24М атқылағыштары тартылған.

centralasian.org

Exit mobile version