Site icon KAZAKBOL

Ресей Канттағы (Қырғызстан) әуебазасын күшейтпекші

Россия намерена усилить свою авиабазу в Канте (Кыргызстан)

Ресей Канттағы әуебазаның оңтүстігін де ауқымына қосып, кеңейтпекші. Бұл жөнінде Бішкекте өткен парламентаралық комиссияның жұмысында айтылды. Оны Ресей мемлекеттік думаның депутаты Виктор Заварзин айтты.

«Канттағы база база болу үшін ғана емес, аймақтағы қауіпсіздікті сақтау үшін керек. База табиғаты керемет жерде орналасқан. Біз базаны күшейтуді ойлап отырмыз», — деді ол.

Қырғызстанда тағы бір ресейлік база ашылады деген әңгіменің тарағанына он жылдың көлемі болған. Бұрынғы премьер-министр Сапар Исаков Мәскеуге барған сапарында қырғыз-тәжік шекарасында әскери бөлім тұруы керек деп мәлімдеген. Сарапшылар бұл мәселе қоғам талқысына түсу керек деп есептейді.

Ресейдің Канттағы базасы 2003 жылы ашылған.

centralasian.org

Exit mobile version