Site icon KAZAKBOL

Ресей шекарашылары Тәжікстан мигранттарын сақалдарын қыруға мәжбүрлеген

Бірқатар тәжік мигранты Ресей шекарашылары қазақ-орыс шекарасынан өткен уақытта сақалдарын қыруға мәжбүрлегені туралы айтты.

Тәжікстанның еңбек мигранттары Ресейде жүріп-тұру уақытын созу үшін үш ай сайын бүл елдің шекарасынан өтеді. Әдетте олар Украинаға және Қазақстанға барады.

Тәжік мигранты Зухуриддин Гиёсов бірнеше күн бұрын Ресей мен Қазақстан шекарасынан өткен. Ресей шекарашылары оны тоқтатып, сақалын қырып тастауын талап еткен.

«Олар бізге ұстара берді. Біз әжетханаға кіріп, қырындық. Содан кейін ғана бізді шекарадан өткізді», — деді Гиёсов.

«Бірақ шекарашылар бұның себебін түсіндіріп жатпады. Сақал қыруды ғана талап етті».

Ресми мәлімет бойынша, Тәжікстанның бір миллионнан астам тұрғыны Ресейде еңбек миграциясында жүр.

centralasian.org

Exit mobile version