Site icon KAZAKBOL

Ресейде балалар үйінің бір топ қызметкері тәрбиеленушілерді зорлап келген

Көрнекі фото: centralasian.org

Санкт-Петербургте Тергеу комитеті балалар үйінің бірінде сексуалды зорлау ісіне байланысты сегіз бірдей қылмыстық іс қозғаған деп хабарлайды centralasian.org.

Тергеу мәліметіне қарағанда, Петербургтің Киров ауданындағы балалар үйінде бір топ қызметкер 2005 жылдан 2010 жылға дейін 1991-95 жылы туған төрт тәрбиеленушіні жүйелі түрде зорлап келген.

Тергеу қорытындысы бойынша бес адамды ұстаған. Олар балалар үйінің директор орынбасары, балалар үйіндегі мектеп директоры және сондағы қызметкердің екі туысы.

«Фонтанки» басылымының мәліметінше, іс-материалында алты жәбірленуші бар. Бұл істі тексеруге негіз болған 26 жастағы Яковтың балалар үйі қызметкерлерінің тәрбиеленушілерді зорлағаны жайындағы әңгімесі себеп болған.

Exit mobile version