Түрме. Иллюстрациялы фото
13 мамыр күні Орынбор облысының Новотроицк қаласы маңындағы №11 колония-тұрақ бастығының орынбасары Мұрат Құмаров сотталғандарға зорлық көрсеткені және қызметтік лауазымын асыра пайдаланғаны үшін қамауға алынды.
Бұл туралы Booking.com ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.
Тексеру барысында жазаны өтеу федералды қызметінің (ФСИН) 34 жастағы ұлты қазақ майоры Мұрат Құмаров 2013 жылдың 13 қазанында өзі қызмет ететін Губерля поселкесіндегі колонияда бірнеше сотталушыға өздерімен бірге отырған камераластарына сексуалды сипатта зорлық әрекеттерін жасауға бұйрық берген.
Осылайша ол мекемеден қашып кетуге ұдайы әрекет жасаушы сотталушы үшін айып оқшаулығышын ашқан. Сол жерде сотталушылыны қорлауға жол бергізген. Сексуалды сипаттағы зорлау барысын офицер видеокамераға түсіртіп алып, «тәрбиелік мақсатта басқа сотталушыларға көрсеткен».
Майордың бұйрығымен 2013 жылдың соңында тағы екі тұтқын осындай зорлыққа ұшыраған. Кейін олардың туыстары осы мәселеге байланыста тиісті органдарға шағым жасаған. Бірақ іс қолдан қолға көшіп, күні бүгінге дейін нәтиже шықпаған.
Биылғы мамыр айының басында сот Құмаров пен колония-тұрақтың бұрынғы бастығы Филюс Хусаиновқа қатысты шешім қабылдады.
Майор Мұрат Құмаров 20 маусымға дейін құлып астына алынды. Оған екі бап бойынша айып тағылып отыр. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Дереккөз: Nur.kz