Ресейдің Ленинград облысы Ломоносов аудандық соты Өзбекстанның 25 жастағы азаматы Зухриддин Буриевті 23 жылға қатаң режимдегі колонияға отырғызды. Өзбек мигранты өткен жылы қыркүйекте жергілікті 60 жастағы әйелді өлтірді деп танылды.
Әйелдің өлі денесі былтыр 23 қыркүйекте автокөлік жүксалғышынан табылған. Сот өзбек мигрантын «зорлық», «тонау», «автокөлік ұрлау» қылмыстары үшін де кінәлі деп тапты.
Тергеу мәліметі бойынша, Буриев 60 жастағы әйелге шабуыл жасап, оны зорлап, құлағындағы алтын сырғаларды жұлып алып, тас пен арқанның көмегімен өлтірген. Одан соң әйелдің автокөлігіне өлі денені тиеп, айғақтарды жасыру мақсатында оқиға орнынан кеткен.
Марқұмның туыстары орманға кеткен әйелді іздеген. Жолда таныс автокөлікті көрген олар ол көлікті қуалаған. Қашып құтылуға тырысқан Буриев жол апатына ұшырап, полиция қолына түсті. Тексеру кезінде автокөлік жүксалғышынан әйелдің денесі, тас, арқан және күрек табылған.