Site icon KAZAKBOL

Ресейдегі өзбек миллиардері туған жерін дамытуға қыруар қаржы бөлмекші

Әлішер Усманов. Фото: smi22.ru

Шавкат Мирзияевтің Өзбекстан президенті ретінде Ресейге алғашқы сапары барысында 16 млрд доллардың 55 келісім-шарты қабылданды деп жазады centralasian.org.

Өзбек шенеуніктерінің бірінің хабарлауынша, ресейлік капиталдың басым бөлігі Ресейдегі өзбек миллиардерлеріне, атап айтқанда Әлішер Усмановқа тиесілі.  Ол 5 сәуірде Кремльдегі кездесуге қатысқан.

«16 миллиардтың кем дегенде 7 миллиардын Әлішер Усманов инвестициялады. Соған тиесілі бірқатар компаниялар Мирзияевтің Мәскеуге сапары қарсаңында келісім-шарттардың бір бөлігіне қол қойды. Мысалы, ресейлік мұнайды Өзбекстанға экспорттау туралы шарт Усмановқа тиесілі. Оның жиырмадан астам компаниясы бар», — деді шенеунік.

Оның айтуынша, 63 жастағы ресейлік миллиардер Әлішер Усманов Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Кәрімовтің қазасынан соң Ташкентке көп келетін болған, ол ел экономикасына қомақты қаражат құя бастады.

 

Exit mobile version