Site icon KAZAKBOL

Ресейлік комментаторлар қазақ боксшысының қабілетіне таңдай қақты (видео)

Кеше 75 келі салмақта сынға түскен боксшы Жәнібек Әлімханұлы алғашқы айналымда ұлыбританиялық Энтони Фоулерді нокдаунмен жеңді.

Қазақ боксшысының жекпе-жегін тікелей эфирде Ресейдің «Боец» телеарнасы да көрсеткен болатын. Тікелей эфирді жүргізген комментаторлар қазақ боксшысының қарымына таңдай қатты.

«Жәнібек әр раунд сайын қарқынын күшейтуде. Ол дәл осылай жалғастыра беретін болса, оның алдағы қарсыластарына қиын болары сөзсіз», — деді комментаторлардың бірі.

Еске сала кетейік, кеше үш қазақстандық боксшы Олимпиаданы жеңіспен бастады. Жәнібектің келесі қарсыласы Алжир және Конго боксшылар жұбының жеңімпазы болмақ.

Жәнібек Әлімханұлы Алматы облысында дүниеге келген. Ол 2013 жылғы әлем, 2014 жылғы Азия чемпионы.

nur.kz

Exit mobile version