Site icon KAZAKBOL

Ресейлік тұрғын құтырған қасқырды тұншықтырып өлтірді

Ресейдің Ростов облысындағы Волгодон ауданының Ясырев хуторында тұратын әйел мен ер адамды құтырған қасқыр тістеді.

Бұл туралы сәрсенбі күні жануарлар аурулары бойынша облыстық стансаның баспасөз қызметінен хабарлады деп жазады Қазақпарат.

«Таңертең қасқыр жергілікті әйелді тістеп алған, ал бірнеше сағаттан кейін итке шабуыл жасағанда, оған көмекке иесі асықты», — делінген хабарламада.

Бұл ретте ер адам да қасқырдан зардап шеккен, бірақ оны тұншықтырып өлтірді, делінген баспасөз хабарламасында.

«Қазіргі уақытта жарақат алған екі адам ауруханада тиісті ем алып жатыр», — деп жазады ww.interfax.ru.

Дереккөз: ИА «Казинформ»

Exit mobile version