Site icon KAZAKBOL

Reuters: АҚШ ауған ұшқыштарын Тәжікстаннан тезірек алып кеткісі келеді

АҚШ мемлекеттік департаменті «Талибан» қозғалысы билікке келген соң Тәжікстанға қашқан ауған ұшқыштарын үшінші бір елге тезірек алып кеткісі келеді.

Мемлекеттік департамент өкілінің Reuters агенттігіне хабарлауынша, «АҚШ билігі ауған әскери әуе күштері ұшқыштарының бәрін алып кеткісі келеді». Шенеунік бұған қатысты жоспар құпиясын ашудан бас тартты.

143 ауған ұшқышының Душанбе шетіндегі шипажайда тұрып жатқанына екі айдан асты. Сонымен бірге, Тәжіктсанда АҚШ-қа кеткісі келетін тағы 13 ауған жауынгері бар.

Озоди радиосының мәліметінше, 15 тамызда тәліптер Кабулға кірген уақытта Тәжікстанның оңтүстігіндегі Бохтар қаласына бірнеше ұшақ қонған. Олардың бортында 143 ауған ұшқышы болған. 1 қыркүйекте оларды Душанбе шетіндегі шипашайға жеткізді.

«Талибан» қозғалысы Тәжікстаннан қашқан ауған ұшқыштары елге оралса, оларды ешкім қудаламайды деп мәлімдеді. Бірақ ұшқыштар тәліптердің бұл уәдесіне сенбейді.

Ауған ұшқыштары нақты қай шипажайда жатқаны хабарланбады. Екі апта бұрын олар мұндай өмір сүруге жағдай жасалмағанын айтқан.

Источник

Exit mobile version