Site icon KAZAKBOL

Рио-де-Жанейроны қылмыстық топтар билеп отыр

Фото : Хабар 24

Кедей-кепшіктер тұрып жатқан шеткі лас аудандарда зорлық-зомбылық өршіп, қиын жағдай қалыптасқан.

Бразилияның Рио-де Жанейро қаласында миллионға жуық тұрғын есірткіге қатысты қылмыстық топтың бақылауында өмір сүріп жатыр, деп хабарлайды Хабар 24.

Елдің Қоғамдық қауіпсіздік министрі Раул Жунгманн осындай мәлімдеме жасады.

Ресми өкілдің айтуынша, кедей-кепшіктер тұрып жатқан шеткі лас аудандарда зорлық-зомбылық өршіп, қиын жағдай қалыптасқан. Сондықтан шаһардағы тәртіпті қалпына келтіру үшін әскер кіргізілгені дұрыс. Айта кетейік, өткен айдың ортасында Бразилия билігі Рио-де-Жанейро қаласының қауіпсіздігін бақылауды әскерилерге беру туралы шешім қабылдаған. Шара жыл аяғына дейін жүргізіледі. Себебі бұл штаттағы қылмыстық ахуал басқа аймақтарға қарағанда өте нашар. Ресми дереккке қарағанда өткен жылы шаһарда 6 жарым мыңнан астам адам қаза тапқан.

Exit mobile version