Site icon KAZAKBOL

Рустам Иноятов Өзбекстан президентінің кеңесшісі болды

Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Рустам Иноятов 23 жыл қызметінен соң аталмыш лауазымнан босатылды.

Рустам Иноятов Өзбекстан Республикасы президентінің мемлекеттік кеңесшісі қызметіне тағайындалды, — деп хабарлайды ҚазАқпарат Өзбекстан басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өзбекстан Республикасы Конституциясының 93 бабы, 24 тармағына сәйкес, Өзбекстан Республикасы президентінің 2018 жылдың 31 қаңтарындағы №УП-5317 жарлығына сәйкес, Рустам Расулұлы Иноятов Өзбекстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы лауазымынан босатылып, Өзбекстан Республикасы Президентінің саяси-құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік кеңесшісі қызметіне тағайындалды», — делінген Өзбекстан басшысының жарлығында.

Осыған дейін хабарланғанындай, Өзбекстанның Ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Рустам Иноятов 23 жыл қызметінен соң аталмыш лауазымнан босатылды.

Exit mobile version