Site icon KAZAKBOL

Құрылтай экс-президент Атамбаевқа қарсы қылмыстық іс ашуды ұсынды

Фото с сайта rus.azattyk.org

Оппозицияның Бішкекте өтен құрылтайына жиналған делегаттар Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевты сәуір төңкерісінің жетекшілерін сатып, билікті озбырлықпен басып алды деп айыптады. Бұл туралы олар бүгін, 27 қарашада баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Олардың айтуынша, алғашқы ауқымды жиынға қатысушылар құрылтайда қабылданған қарардың барлық баптарын біртіндеп орындауды көздеп отыр. Атап айтқанда, олар Бас прокуратурадан Атамбаевқа қарсы қылмыстық іс қозғауын, парламенттен бұрынғы мемлекет басшысының қол сұғылмаушылық құқығынан айыруды талап етеді.

Ыстықкөл облысының үкіметтегі бұрынғы құзырлы өкілі Эмилбек Каптагаевтың пікірінше, қазіргі президент Сооронбай Жээнбековке басқарудың «бұзылған» түрі қалған. Дегенмен Құрылтай оның бір жылдағы президенттік басқаруын «жаман емес» деп бағалады. «Бірақ біз Сооронбай Жээнбековтың аждаһаға айналып кетуіне жол бермеуіміз керек», — деді Каптагаев.

Баспасөз конференциясын өткізгендер Құрылтай өз мақсатына жетті деп мәлімдеді. Олар екінші форумды 2019 жылы сәуірде өткізуді көздеп отыр.

Бішкекте 24 қарашада қоғамдық-саяси ұйымдардың ұйымдастыруымен «Қырғызстан: кеше, бүгін, ертең» тақырыбында құрылтай өтті. Форум қабылдаған қарарда саяси тұтқындарға қарсы қозғалған қылмыстық істер қайта қаралып, Қырғызстан Конституциясының жаңа нұсқасы қабылдануы керектігі айтылған. Құрылтай Жогорку Кенештің қазіргі шақырылымының жұмысын теріс бағалаған.

Алмазбек Атамбаев Қырғызстанды 2011-2017 жылдары басқарды.

centralasian.org

Exit mobile version