Сәуірде Өзбекстанның халықаралық валюта қоры 230 миллион долларға азайды. Бұл туралы елдің Орталық банк мәліметінде айтылған.
2023 жылдың 1 мамырына қарата Өзбекстанның ресми қор активі 35,2 млрд долларды құрады. Бұл сәуір айындағы көрсеткіштен 230 млн долларға аз.
Елдің шетел валютасындағы қоры да азайып, (-181,4 миллион доллар), 9,93 млрд долларды құраған. Жыл басынан бері валюта қоры 1,71 млрд долларға кеміген.
Сәуір айында алтын қоры 50 млн долларға азайып, 24,2 млрд долларды құраған. Бағалы металлдың көлемі 3,1 тоннаға кеміген. Бұл Өзбекстан сәуірде алтын экспорттаған дегенді білдіреді.
«Алтын» қорының азаюы алтын бағасының қымбаттағанымен сәйкес келеді – сәуірде оның бір унциясының бағасы 1999 доллардан 2034 долларға дейін өсті.
Өзбекстанның қазіргі қоры 2022 жылы 30,67 млрд долларды құраған импорт көлемінен көп. Халықаралық ұйымдардың дамып келе жатқан елдерге қатысты ұсынысына сәйкес, қор кем дегенде импорттың үш айлық көлемін жабуы тиіс.