Site icon KAZAKBOL

Сүйіктісімен жаттығу жасаған мүгедек жігіт елдің жүрегін елжіретті (видео)

Қыз бен жігіт. Фото: Instagram

Сүйіктісімен жарыса жаттығу жасаған жігітке ел сүйсініп қалды. Әсіресе жігіттің екі аяғы болмаса да, қолымен шынығуды бастап кеткені көпшілікке қатты ұнаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Instagram желісінде тарап кеткен бұл видеодағы жұпқа бақыт тілеп жатқандар көп. Бойжеткен мен мүгедек жігіт еш қиынсынбастан кезек-кезек жаттығуға кірісті.

Жігіттің қос аяғынан айырылғаны да бұл жұп үшін кедергі емес. Видеодан байқасаңыздар, олар шынайы сезімдерін істерінен байқатып, шынығуға білек сыбана кіріскен.

Ал желі оқырмандары бұл жұпқа бақыт тіледі. Олар «Қандай керемет», «Бақытты болыңдар», «Махаббаттарыңыз баянды болсын», «Жарайсыздар, Алла тілектеріңізді қабыл етсін» деп жылы лебіздерін жаудырды.

Exit mobile version