Site icon KAZAKBOL

Сүйіктісін өлімге қимаған жігіт оның мүрдесіне үйленді (видео)

Көрнекі фото: modscheats.ru

Үндістандық азамат жол-көлік апатында қайтыс болған сүйіктісінің мүрдесіне үйленіп алды. Салтанатты рәсім елдің оңтүстігінде өткен деп хабарлайды modscheats.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға Таминад штатында орын алған. Жас жігіт қалыңдығының бейітіне синдур ұнтағын шашып, салтанатты рәсімді жөн-жоралғыға сай өткізген.

Азамат үйлену тойына жиналған қонақтар алдында енді ешқашан қайта үйленбеуге уәде етіп, өмірден жалғыз өтуге бел буған.

Оның ата-анасы жігітті райынан қайтарып, барынша жұбатпақ болған. Алайда бірнеше жыл бойы ғашығымен кездесіп жүрген күйеужігіт сүйіктісін өмірінен өшіргісі келмейтінін жеткізіпті.

Exit mobile version