Site icon KAZAKBOL

Садыр Жапаров: Қырғызстандағы төңкерістер сайлаудың әділ өтпеуінен болды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мемлекеттік «Кабар» ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Жогорку Кеңеш депутатын Бішкектің Ленин округінде сайлауға қатысты пікірін айтты.

Кандидаттардың бірқатарымен кездескен деген ақпарат қаншалықты рас екенін сұраған журналиске Жапаров «бұрын қолданылған әдістерді ұмыту керек» деп жауап берген.

«Бұрын солай еді: президент қолдауына ие болмайынша сайлауға бармайтын. Қзаір президент не биліктің басқа да өкілдері сайлау процесіне араласпайды. Мен одан да ірі сайлау науқандарына араласпадым.

Сөйте тұра бір округтегі сайлауға араласамын ба? Кім жеңсе, сол депутат болсын. Біз тарихтан сабақ алуымыз керек. Сайлаулар қалай болса солай, әділетсіз өтуіне байланысты бізге үш төңкеріс болды», — деген қырғыз президенті.

29 наурызда Садыр Жапаров Бішкектің Ленин сайлау округінде мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Саяси науқан 28 мамырда өтеді.

Бұның алдында Жогорку Кеңеш депутаты Жаныбек Әбіров астанадағы мейрамханалардың бірінде төбелесіп, жанжалға ұрынуына байланысты парламенттен шығарылған.

Источник

Exit mobile version