Site icon KAZAKBOL

Садыр Жапаров: Жаңа жылға дейін Тәжікстанмен шекара мәселесін шешеміз

Жогорку Кеңеште қырғыз-өзбек шекарасы бойынша келісім бекітілгеннен кейін сөз сөйлеген қырғыз президенті Садыр Жапаров енді жаңа жылға дейін Тәжікстанмен шекара мәселесін шешеміз деді.

«Қырғыз-өзбек шекарасы бойынша нүкте қойылды. Енді ешқандай кедергі болмаса, жаңа жылға дейін Тәжікстанмен шекара мәселесін шешуді жоспарлап отырмыз. Бізге төрт көрші елмен бейбіт және келісімде өмір сүруіміз тиіс. Шекараны күзетіп тұрған бірде бір сарбаз қаза таппауы тиіс», — деді Жапаров.

17 қарашада Жогорку Кенеш үш бірдей оқылымда қырғыз-өзбек шекарасы бойынша заң жобасын ратификациялаған.

Бұл құжатты өзбек парламенті де бекітті. Енді екі елдің президенті қол қояды.

Источник

Exit mobile version