Site icon KAZAKBOL

«Самұрық-Қазынаның» кадрлық құрамы 65 пайызға жаңарған

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының кадрлық құрамы 65%-ға жаңарды.

Бұл туралы бүгін қордың басқарма мүшесі, адам ресурстары жөніндегі басқарушы директоры Ұлан Тәжібаев мәлімдеді деп хабарлайды 24 арна.

Оның айтуынша біліктілік талабының күшейтілуіне байланысты соңғы екі жылда қызметкерлер саны едәуір азайған. Мәселен, бұған дейін басқару құрамында 16 адам болса, қазір 9 қызметкер жұмыс істейді.

Сондай-ақ білікті мамандарды еңбекпен қамту барынша ашық жүргізіледі. Білімі мен тәжірибесі бар кез келген азамат қордың арнайы сайтына тіркеліп, тиісті қызмет бойынша өтініш беруіне болады. Бастысы, шет тілін білуі шарт. Ал кәсіби шеберлік танытып, 3 сатылық сыннан сүрінбей өткен үміткер ұлттық компанияға жұмысқа қабылданады.

Қазір «Самұрық-Қазына»-да бос тұрған 13 жұмыс орны бар.

 


 

Exit mobile version