Site icon KAZAKBOL

Самарқандта 83 млн долларға салынған әуежай наурыз айында ашылады

Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 10 ақпанда ел президенті Шавкат Мирзияев Самарқанд қаласына барып, салынып жатқан халықаралық әуежайдың жай-күйімен танысқан.

Ресми мәлімет бойынша, әуежайды модернизациялау жұмысына 83 млн доллар жұмсалған.

Әуежай архитектурасы Мирзо Ұлықбектің «Зижи жадиди Курагоний» (Курагонидің жаңа астрономиялық кестесі) еңбегінің символы ретінде ашық кітап іспеттес бейнеленген. Терминал сағатына 800 жолаушыны қабылдай алады.

Әуежай «ашық аспан» режимінде жұмыс істейді. Сонымен бірге жүктерді де қабылдайды. Жаңа терминал наурыз айында ашылады деп күтіледі.

Источник

Exit mobile version