Өзбекстанның Самарқандтағы ішкі істер басқармасы азаматтардан Мексика арқылы АҚШ-қа жібере аламын деп 30 мың доллар ақша алған ер адамның ұсталғанын мәлімдеді.
Құқық қорғау органдары мәлімет еткендей, 22 жастағы ер адам Самарқанд тұрғынына қарсы арызданған. Күдікті АҚШ-қа жібере аламын деп, Америкаға барып жұмыс істегісі келген адамдардан 30 мың доллар сұраған. Аванс ретінде әрқайсынан 10 мың доллар алған.
Күдікті іздестіру жұмысы кезінде ұсталған, қазір оған қарсы «алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
19 мамырда Азаттық «Америкалық арман жолында» деген материал жарық көрген. Онда Орталық Азия азаматтары АҚШ-қа барып, жақсы жұмыс іздеу үшін Мексикадан заңсыз өтіп, Америкаға ұмтылатыны жазылған.
АҚШ-қа заңсыз кірген азаматтар депортацияланып, оларға бес жыл бойы Америкаға кіруге тыйым салынады.