Site icon KAZAKBOL

Самарқанд облысының бұрынғы басшысына қарсы қылмыстық іс сотқа жетті

Өзбекстан Бас прокуратурасы Самарқанд облысының бұрынғы басшысы Туробжон Жураев пен оның сыбайластарына қатысты қылмыстық істі Ташкент облыстық сотының қарауына тапсырды.

Бұл туралы Жураевқа жақын екі дереккөз хабарлады. Олардың айтуынша, келесі аптада жабық сот отырыстары өтеді, өйткені қылмыстық процесте мемлекет құпиясына қатысты бөлімі бар.

Самарқанд облыстық әкімдігінің төрт лауазымды қызметкерінің әрекеттері осы қылмыстық іс аясында ұаралып жатыр. Оларға мемлекет мүлкін талан-таражға салды, қызмет бабын асыра пайдаланды, пара алды деген айыптар тағылған.

Іс материалдары бойынша, Самарқанд облысының әкімдігінің қызметкерлері 2017-2018 жылдары 2 миллион доллардан астам пара алған.

Облыс басшысы, Олий Мажлис сенаторы Туробжон Жураев 1 850 000 доллар пара алған делінген іс материалдарында. Бұл ақша оның сейфінен заттай айғақ ретінде тәркіленді.

centralasian.org

Exit mobile version