Site icon KAZAKBOL

Санкт-Петербургте екі тәжік қызы суға батып кетті

Санкт-Петербургте Петергоф аумағында екі тәжік қызы тоғанға батып кетті.

Олар 12 және 14 жастағы апалы-сіңлілі болған. Олардың отбасы Тәжікстаннан қоныс аударған екен.

Қайғылы оқиға 14 маусымда кешкісін болған. Қайтыс болған қыздардың жанында әкесі мен әжесі және кіші бауыры болған.

«Фонтанка» басылымының хабарлауынша, демалып жатқандар қыздардың көйлекпен суға кіргенін байқаған. Кейін олар көйлектерінің су бетінде қалқып бара жатқанын көрген. Кейбір ақпаратқа қарағанда, әкесі кіші қызын судан шығарып үлгерген, бірақ ол өзіне келмей, бақилық болып кеткен.

Екі қыз да суға жүзуді білмеген. Ресейдің тергеу комитеті бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Источник

Exit mobile version