Site icon KAZAKBOL

Сапарбаев өрт сөндіремін деп ажал құшқан әкім мен жұмысшылардың үйіне көңіл айтты

Бердібек Сапарбаев. Фото: ortcom.kz

Бердібек Сапарбаев Әйтеке би ауданы Сұлукөл ауылында дала өртінен көз жұмғандардың отбасыларына барып көңіл айтты деп хабарлайды «Тілші».

Әйтеке би ауданына сапары барысында облыс басшысы көз жұмғандардың отбасыларына барды.

Облыс басшысы қайғылы жағдайға байлансты арнайы комиссия құрылғанын жеткізді.

«Кінәлілер заң алдында жауап береді. Сіздерді қолдаусыз қалдырмаймыз, көмек қолын созамыз», — деді Бердібек Сапарбаев.

Айта кетейік, Сұлукөл ауылында дала өртінен төрт адам — ауыл әкімі, мектеп мұғалімі мен күзетшісі, жұмысшы көз жұмды.

Exit mobile version