Site icon KAZAKBOL

Сауд Арабиясы Өзбекстанда әлемдегі ең үлкен жел электр станциясын салмақшы

Өзбекстан мен Сауд Арабиясының энергетика министрлері құны 12 млрд доллар болатын үш бірдей жобаға қол қойды.

Өзбекстанның энергетика министрлігінің мәліметінше, аталған үш жоба екі елдің жылу-электр кешенін дамытуға арналған.

Бірінші құжат Қарақалпақстанда салынатын қуаты 1,5 ГВт болатын жел электр станциясына қатысты. Бұл жоба тек аймақта ғана емес, әлем бойынша ең ірі жел электр станциясы болады деп жоспарланған. Ол 1,65 млн үйді энергиямен қамтамасыз етпек.

Екінші ACWA Power мен Air Products компаниясы арасындағы келісім Өзбекстанда жасыл сутек өндіріп, дамытуға бағытталған.

Үшінші құжатқа сәйкес, Сауд Арабиясы Өзбекстанның энергетика саласына бес жыл ішінде 10 млрд доллар инвестиция құймақ.

Источник

Exit mobile version