Site icon KAZAKBOL

Әсет Исекешев: Астана Әбу-Дабиден асып кетті

Әсет Исекешев. Фото әлеуметтік желіден алынды

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елорда төрінде инновациялық конгресте елорда өсу қарқыны бойынша әлемнің бірнеше мемлекетінің астаналарынан басып озғанын айтты деп хабарлайды Baq.kz.

«Астана өсу қарқыны бойынша бірнеше елдің астаналарынан озып кетті. Мысалы, Әбу-Даби, Мәскеу, Анкара, Баку, т.б қалаларды айтуға болады. Тоқсаныншы жылдардың басында бұл қалада 280 мың адам болған. Ал қазір 1 миллионға жетті. Ішкі жалпы өнім 18 жылдың ішінде 180 есеге өсті. Шағын және орта бизнестің саны 100 мыңға жетті. Шетелдік туристердің саны 5 мыңнан 273 мыңға дейін артты. Ал қонақ үйлердің саны 163 жетті», – дейді Әсет Исекешев.

Айта кетейік, конгресс спикерлерінің арасында әлемдік Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг, Израильдің көшбасшы бизнес-инкубаторы Клара Орен, Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсу, Japan trchnology Group компаниясының басшысы Митсу Ямомото, Қазақстандағы Кондрад Аденауэр қоры өкілдігінің директоры Томас Хельм, USAID климат өзгерісін тоқтатуға бағытталған қазақстандық бағдарламасының басшысы Алексей Санковский бар.

Exit mobile version