Site icon KAZAKBOL

ШҚО-да мұғалім мектепте босанып, сәбиін дәретханаға тастаған

Фото : Baq.kz

Педагог-психолог мектеп қабырғасында босанып, нәрестесін далада орналасқан дәретханаға тастай салған.

Мұндай жағдай Үржар ауданындағы Некрасовка ауылында болған, деп хабарлайды  Baq.kz.

Бұл ақпаратты ауылдағы мектептегілер растады. Мектептегі қызметкерлер ондай жағдай 7 сәуір күні болғанын айтты. Педагог-психолог мектеп қабырғасында босанып, нәрестесін далада орналасқан дәретханаға тастай салған.

«Сәби шетінеп кетті. Мұғалім тұрмысқа шықпаған», — дейді мектептегілер.
Үржар аудандық білім басқармасы төтенше жағдай туралы пікір білдірді.

«Бізге бұл туралы мектеп директоры хабарлады. Қазір қылмыстық іс қозғалғаны туралы ешқандай ақпарат білмейміз», — дейді басқармадағы маман.

Exit mobile version