Көрнекі сурет. Фото: geo-storm.ru
Оңтүстік Қазақстандық кеденшілер 28 келі алтынды арқалап өтпек болған азаматты қолға түсірді деп хабарлайды ТВК.
Алматы қаласының сот экономикалық сараптамасы, алтындардың құнын 433 млн теңгеге бағалаған. Тергеп тексеру барысында күдікті деп танылған Оразбаев 3 шабадынды заңсыз тауарға толтырғаны белгілі болды.
Яғни онда алтын мен күмістен жасалған қымбат заттар жасырылған. Ол жалпы бағасы 478 млн теңгенің зергерлік бұйымдарын Стамбулдан Шымкентке әкеле жатқан. Күдікті кінәсін толық мойындап отыр.
Абай аудандық сотының шешімімен оның мүліктері тәркіленіп, мың айлық есептік көрсеткіш бойынша айппұл салынды.