Site icon KAZAKBOL

Шавкат Мирзияев: «Көбі маған БАҚ-ты жабу керек дейді, бірақ мен олай істемеймін»

Өзбекстан президенті «БАҚ еркін болған кезде жұмыс істеу қиын, көбі маған жабуды ұсынды, бірақ мен жаппаймын. Сынай берсін, бірақ дұрыс сынайды» деп мәлімдеді.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Қашқадария облысы Каршин ауданында №71 мектептің ашылу салтанатына қатысқан кезде, БАҚ-ты қолдап мәлімдеме жасады деп хабарлады оның баспасөз хатшысы Шерзод Асадов.

«Біз осыған дейін жабық ел болғандықтан, халықтың үнін ести алмадық. Еркіндіктің тынысы ұнай ма? Маған ұнайды. Ия, маған қиындау жұмыс істеген. Маған айтады, «жабыңыз» деп. Бірақ мен жаппаймын. Бұрынғыдай прокурор мен Ұлттық қауіпсіздік қызметі бақылауға алуы тиіс пе еді? Біз мақсатымызға жеттік пе?»,- деген президент.

Ол билік өкілдерін БАҚ-пен дос болуға шақырған.

«Айта берсін, бірақ олар шындықты айтып жатыр. Сынай берсін, дұрыс сын айтып жатыр. Егер одан пайда болса, елге де жақсы. Мен күнде баспасөзді, интернет басылымдарын оқимын. Оған екі сағат бөліп, қарындашпен түртіп аламын. Олардың айтқан 10 пікірдің 9-ы дұрыс. Бұл дұрыс бағыт», — деген өзбек президенті.

Источник

Exit mobile version