Site icon KAZAKBOL

Шавкат Мирзияев Либерал демократиялық партия атынан президенттікке үміткер ретінде бекітілді

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 9 қыркүйекте Либерал демократиялық партиясының X съезіне қатысты. Онда 24 қазанда өтетін президент сайлауына үміткер ұсыну мәселесі қаралды.

Съезд кезінде қазіргі президент Шавкат Мирзияевтің кандидатурасы бір ауыздан ұсынылды.

Шавкат Мирзияевтің өзі сөз сөйлеп, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Жиынға қатысушылар Шавкат Мирзияевтің қайта президент болып сайлануы елдің әрі қарай дамуы үшін дұрыс жол деп, оның кандидатурасын бір ауыздан бекітті.

Қазірге дейін Өзбекстандағы төрт партия президент сайлауына үміткерлерін бекіткен. Олар — Халықтық демократиялық партия атынан Максуд Ворисов, «Миллий тикланиш» демократиялық партиясынан Алишер Кадыров, «Адолат» партиясынан Бахром Абдухалимов және Экологиялық партия атынан Нарзулла Обломуродов.

Источник

Exit mobile version